Ақпан айының бірінші жартысында Қазақстан Германияға мұнайдың алғашқы партиясын экспорттайды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов «әзірге бірінші партия – 20 мың тонна болады» деді. Қара алтынды Ресейдің «Дружба» мұнай құбыры арқылы жеткізу жоспарланып отыр.