«Қазақстан халқына» қоры Девик ауруына шалдыққа 3 науқасқа дәрі сатып алды, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі. Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасына сирек кездесетін «Оптиконевромиелит» (Девик ауруы) ауруына шалдыққан 3 емделушіге «Ритуксимаб» дәрісі жеткізілді. Науқастарға 1,8 млн теңге сомасына дәрінің 7 құтысы сатып алынды. «Дәрі-дәрмектер қалалық басқарманың өтінімі бойынша бюджетте қаражаттың жетіспеушілігі себебіне байланысты сатып алынды. […]