Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Түркияда іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, құтқарушылардың жұмысын көптеген үйінді, олардың жылжып кету қаупі күрделендіруде. Бүгінгі таңда Қазақстан мамандары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қайтыс болған 19 адамның, оның ішінде бір баланың денесі үйінді астынан шығарылды. Қазақстан ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен […]