Қазақстан мен Еуропалық Одақ аса маңызды шикізат материалдарын өндіріп, өңдеуге бағытталған ортақ жобаларды белсенді жүзеге асырмақ. Брюссельде өткен бизнес форумда тараптар тұрақты шикізат, батареялар және жасыл сутегі бойынша ынтымақты күшейтіп, жол картасын жүзеге асыру жолдарын талқылады. Еліміздің Бельгиядағы елшілігі ұйымдастырған шараға Еуропалық институттардың өкілдері, кәсіпкерлер мен ҚР Президентінің энергетика мәселелері бойынша кеңесшісі Болат Ақшолақов қатысты. […]