Премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚХР Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданы (СУАР) ҚКП парткомының хатшысы Ма Синжуеммен кездесті. Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктестерінің бірі. Оның үлес салмағы 18%. Былтыр екі ел арасындағы тауар айналымы 34%-ға өсіп, 24 млрд доллардан асты, бұл 30 жылда жасалған жаңа рекорд. Әлихан Смайылов өзара сауданың 40%-дан астамы СУАР-ға тиесілі екенін айтты. […]