Наурыздың соңына қарай «Ақтау-Үргеніш» бағыты іске қосылып, Нөкіске дейінгі жолаушы тасымалы аптасына екі мәрте орындалады. Еліміздің азаматтық авиация комитеті Ташкентте жауапты министрлікпен келіссөз жүргізді. Тұрақты әуе рейстерін арттыру жөніндегі келіссөз бірнеше сағатқа созылды. Еліміз ашық аспан жүйесіне сай көршімізбен апта сайынғы әуе рейстері санын еселеуді ұсынып отыр. Қазір бұған сұраныс бар. Туристік маусым да таяды. […]