Өзбекстанмен арадағы жүк тасымалы алдағы жазда 3 есеге артады. Екі ел шекарасындағы «Қапланбек» кеден бекеті тамызда қайта ашылады. Нысан қазір күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Ал Жібек-Жолы» бекетін реконструкциялау 2025 жылға жоспарланған. Бұл туралы өткізу пункттерін жаңғырту бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның өкілдерінен жасақталған жұмыс тобының кездесуінде айтылды. Қазақ өзбек шекарасындағы «Жібек-Жолы» – «Гишткуприк», «Қапланбек» – «Навои» […]