Қазақстан Өзбекстанға ет-сүт және балық өнімдерін экспорттауға ниетті. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін 113 отандық компания оған рұқсат алуды көздеп отыр. Тиісті құжаттар Өзбекстан тарапына жіберілген. Еліміз бауырлас көрші елмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі. Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов өзбекстандық әріптесі Абдулла Ариповпен бейнеконференция режимінде өткен келіссөз барысында осылай деді. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша екі […]