Қазақстан өндірген күріш ішкі қажеттілікті жабуға толық жетеді. Биыл қазақстандық күріш өсірушілер 486,9 мың тонна өнім жинаған. Оны өңдеуден кейін қоймаларға шамамен 221,2 мың тоннасы түседі. Ал еліміздегі Ішкі нарықтың жыл сайынғы қажеттілігі - шамамен 165 мың тоннаны құрайды екен. Сондықтан халықтың күрішке деген қажеттілігін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. Одан бөлек, еліміздегі артық өнім басқа елдерге де экспортталады. Мәселен жыл басынан бері 67,8 мың тонна ақмаржан шет ел асқан.