Қазақстан ішкі нарықта тапшылық туындаған жағдайда жетпеген астық көлемін Ресейден импорттайды, деп мәлімдеді Қазақстан Астық одағы сауда комитетінің басшысы Александр Малов. «Егер бидай тапшылығы туындаған жағдайда солтүстіктегі көршіміздің биылғы мол өнімі жетпеген астықты сол жақтан импорттауға мүмкіндік береді. Ол жақтан бір немесе екі миллион тоннаға дейін астық жеткізуге мүмкіндік бар», – деді Малов «Елдала» басылымына. […]