Қазақстан батыс санкцияларына байланысты тауарлардың 106 түрін экспорттауды шектеді, деп хабарлады сауда вице-министрі Қайрат Төребаев. Бұл дрон бөлшектері, арнайы электроника, әскери мақсатта пайдалануға болатын чиптер. Бұл қазақстандық және шетелдік өндірушілердің өнімдеріне қатысты шектеулер.