Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша, ағымдағы жылдың 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 496 шетел азаматы жұмыс істейді. Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін – 570 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін – 3 000 рұқсат (екінші санат). […]