Қазақстанда 434 мың адам микроқаржы ұйымдарына қарыз

Микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) кепілсіз тұтынушылық микрокредиттерінің көлемі 2022 жылғы 1 қыркүйекке 416 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың депутаттардың сұрауына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Stan.kz. Елімізде проблемалы қарыз алушылар саны 434 мың адамнан асып кетті. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахмановтың жауабында айтылған. "2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша микроқаржы ұйымдарының кепілсіз тұтынушылық микрокредиттерінің көлемі 416 млрд теңгені құрады. Микроқаржы ұйымдарынан кепілсіз тұтынушылық микрокредиттер бойынша қарыз алушылар саны 1 343,6 мың адамға жетті. Осы жылдың 8 айында кепілсіз тұтынушылық микрокредиттер құрылымында "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ деректері бойынша мерзімі 90 күннен асатын қарыздардың үлесі 18,8 пайызға өсіп, 71,3 млрд теңгеге жетті. Проблемалы қарыз алушылар саны 434,2 мың адамды (бірегей қарыз алушылар) құрады", - деді ол. Оның айтуынша, проблемалы кепілсіз тұтынушылық микрокредиттердің айтарлықтай өсуі онлайн микрокредиттеу сегментіне тиесілі болып тұр. "Айталық, 50 АЕК-ке дейінгі кепілсіз онлайн микрокредиттер бойынша проблемалы қарыз алушылардың саны 15,8 пайызға артып 380 мың адамға жетті. Бұл микроқаржы ұйымдарындағы проблемалы қарыз алушылардың жалпы санының 88 пайызын құрайды. Онлайн микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешек 40 млрд теңге болды. Қазіргі уақытта микроқаржыландыру секторында 230 микроқаржы ұйымы қызмет көрсетеді. Оның ішінде 30 компания онлайн микрокредиттеу сегментінде жұмыс істейді", - деді Нұрлан Әбдірахманов.

Читать источник turkistan.tv
Қазақстан біріншілігі финалына шыққан барлық боксшы анықталды
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды