Қазақстанда әскерден жалтарғандарға қандай жаза қарастырылған

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ғани Артықов әскерден жалтарған азаматтар қандай жауапкершілікке тартылатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz. Ғани Артықовтың айтуынша, әскери қызметке барудан жалтарып жүрген жастарға заң осыған дейін де қатал болған. Заң бойынша азаматтар әскерден жалтаратын болса 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Болмаса 1000 айлық көрсеткіштен 3000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.   “Алайда осы күнге дейін бірде-бір адам осындай ауыр жазаға ұшыраған жоқ, ірі көлемде айыппұл салынбады. Жастардың көбі заңдық тұрғыдағы жауапкершілік жайынан бейхабар. Әрине, оларды әскери пунктерге шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізгеннен кейін әскерге барып жатыр”, – деді Ғани Артықов.  Қорғаныс министрлігінің сөзінше, көбіне азаматтар жоғары оқу орындарын аяқтаған соң еліміздің өзге өңірлеріне жұмысқа кетеді. Сол себепті оларды табу қиынға соғады.  “Оқуды аяқтаған жастардың қызмет бабымен жан-жаққа кетіп қалуы көп болып тұр. Бұл мәселені шешудің өте оңтайлы жолы табылды. Қазір жастарға бұрынғыдай тұрғылықты үйлеріне шақыру қағазын апарып, яғни қағаз жүзіндегі шақыру ұсынылмайды. Қазір оларды sms-хабарландыру арқылы шақырып жатырмыз. Осы арқылы бір жағынан бюджетімізді үнемдейтін болсақ, екінші жағынан жастарымыздың қайда жүргені туралы анық мәлімет алып отырмыз", - деді ол.   

Читать источник turkistan.tv
“Ақпан төңкерісі, Ұлы Отан соғысы, Жаңаөзен оқиғасы“. Жылан жылы әр жылдары қандай оқиғалармен есте қалған?
Астанадағы 20 мектеп жылыжайда жеміс пен көкөніс өсіреді
Шетел архивтеріндегі қазақ көшінің тарихы
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды