Энергетика министрлігі жанар-жағармайдың шекті бөлшек бағасын көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов мәлімдеді «Ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы баға айырмашылығын төмендету қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге баруымыз керек. Оны мойындауымыз керек. Бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет», – деді Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен […]