Қазақстан – Орталық Азиядағы ең арзан байланысы мен жылдам интернеті бар ел ретінде танылды. Мұны International telecommunication Union (ITU) зерттеуінің деректері дәлелдеді. Мәселен, өткен жылы Қазақстандағы тариф бойынша ұялы байланысқа жұмсалған шығыстар жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың 1,04% ғана құрады. Сарапшылар 70 минуттық сөйлесу, 20 SMS және 500 МБ мобильді интернетті қамтитын орташа тарифті […]