Елімізде тағы бір газ өңдейтін ірі зауыт салынбақ. Энергетика министрлігінің хабарлауынша жоба 2024-2025 жылдары Маңғыстау өңірінде іске асады деп жоспарланған. Құны 170 миллиард теңге. Қажетті қаржы қарызға алынбақ. Қазір тендр арқылы құрылыс компаниясы анықталып жатыр. Зауытты салу кезінде 300 адам жұмыспен қамтылмақ.