Халықаралық жылжымайтын мүлік федерациясының өкілдігі Қазақстанда ашылды. Елордада өткен «Стратегия. Инвестиция. Технология» форумында ұйымның мақсат-міндеті айтылды. Шетелдік меймандар елдегі тұрғын үй нарығының мүмкіндіктерімен танысып, ортақ мәселелерді талқыға салды. Ал жаңадан ашылған федерация филиалы Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығын дамытуға септігін тигізбек. Әсіресе, шетелден инвестиция тартуға мүмкіндіктері зор. Одан бөлек елдегі қаржыгерлер, құрылыс компания өкілдері, сәулетші, дизайнер […]