Қазақстанда жаңадан әзірленген Әлеуметтік кодекс қабылданды. Осы құжат бойынша әрбір отбасының цифрлық картасы болады. Онда жүзге жуық көрсеткіш бар. Соған қарай отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы бағаланып, жәрдемақы және тағы басқа қолдау шаралары жасалады. Мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Ақпараттық жүйе көмекке мұқтаж адамдарды өзі тауып, SMS-хабарлама жіберіп отырады. Цифрлық картаны енгізудің негізгі мақсаты – көмекке […]