1 шілдеден бастап әлеуметтік кодекстің күшіне енуіне орай, Қазақстанда жұмыспен қамту орталықтары жойылады. Олардың орнына облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда еңбек мобильдігі орталықтары құрылады. Мұндай орталықтардың филиалы «Мансап орталығы» деген атаумен жұмыс істейді. Еңбек мобильдігі орталықтары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы заңы негізінде жұмыс істейді. «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас», […]