Түркістан облысындағы әскерге шақыру барысымен Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев танысты. Ол облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінде, Кентау қаласының жинақтау пунктінде болып, әскерге шақырылушылардың медициналық тексеруден, психологиялық тестілеуден өту сапасымен танысты. Сарбаз аналары комитетінің өкілдерімен және Қарулы күштердің ардагерлерімен кездесу өтті. Бүгінде олар әскерге шақырылушыларға түсіндіру жұмыстарын […]