Елімізде өтетін президент сайлауын ТМД-дан 100-ден астам адам бақылайды. Бұл туралы ТМД атқарушы комитеті төрағасының орынбасары Ильхом Нематов мәлімдеді. Төраға орынбасарының айтуынша, 10 адам 27 қазаннан 21 қарашаға дейін ұзақ мерзімді бақылау жасайды. Ал қалғандары қысқа мерзімде бақылау жүргізеді. Орталық сайлау комиссиясы бүгінгі таңға дейін 23 бақылаушыны аккредиттеп үлгерген. Нематов өз сөзінде, бақылаушылар елдің заңы мен барлық халықаралық талаптың сақталуын бақылайтынын атап өтті. ТМД миссиясы жұмысты 21 қарашада қорытындылайтын болады. Еске салсақ, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Сайлауға 6 үміткер өз кандидатурасын ұсынған.