Бұдан былай FlyArystan компаниясының жолаушылары ұзақ уақыт кезекте тұрмайды. Қазақстандық әуе компаниясы бүгін «Ijan» атты инновациялық қызметін таныстырды. Алматы халықаралық әуежайында алғаш рет іске қосылған кешен тіркеуден жылдам өтуге көмектеседі. Әуе компания «Ijan» жобасын әзірлеп, іске қосуға бір жылдан аса уақыт жұмсады. Мақсат біреу. Жолаушылардың уақытына құрметпен қарап, тіркеуді жеңілдету. Жоба авторлары бұл инновациялық қызмет […]