Қазақстандық ғалымдар балқыған мыс қалдықтарынан тазалығы жағынан жоғары деңгейдегі селен алу жолын ойлап тапты. Тың технологияның арқасында сыртқа сатылатын металлургиялық өнімнің бұл түріне деген сұраныс артып, бағасы 15 есе қымбаттамақ. Қазірдің өзінде құрамы таза селен өндіру жұмысы басталып, ірі кәсіпорындарда арнайы цехтар ашылып жатыр. Селен медицина, шыны өндірісі және электроника сынды маңызды салаларда кеңінен қолданылады. […]