Қазақстандық киногерлер Түркияда өткен «Қорқыт Ата Түркі дүниесі» халықаралық кинофестивалінен олжалы оралды. Бурса қаласында ұйымдастырылған додада жерлестеріміз үш бірдей жүлдеге қол жеткізді. Көрермен бес күн бойы жан-жақтан келген жауһар дүниелерді тамашалады. 50-ден аса кино картина арасынан отандық үш туынды жүлдеге ілікті. Қазақстандық продюсер Қанат Төребай Түркі мәдениетіне қосқан үлесі үшін марапатталды. Бұл тек қана менің жеке жетістігім емес. Бүкіл еліміздің жеңісі деп ойлаймын. Осындай жүлделер еңбегімізді көріп, бағаласа әрине, шабыттандырады. Одан да қатты жұмыс істегің келеді, одан да жақсы фильмдер түсіргің келеді. Деректі фильм жанрында отандасымыз Айгүл Черендинова “Еуразия билеушілері” туындысымен екінші орын алса, Қайрат Кемалов “Ақ боз үй” фильміндегі "Үздік ер адам бейнесі үшін" жүлдесімен марапатталды. Бірнеше күн Бурса қаласы Түрік елі бізді сондай жылулықпен қарсы алды. Көп рақмет. Осындайда, соншама түркі тілдес елдер тарихы бір елдер басын қосқанда бірлікті ел бұзылмас деген мақал есіме келеді. Достығымыз нығая берсін! Фестиваль аясында өткен саммитте Түркі әлемінің мәдени құндылықтарын кино арқылы көрсету, насихаттау мәселелері қаралды. Шараның басты мақсаты - түркітілдес мемлекеттер арасындағы тарихи, рухани байланыстарды нығайту дейді ұйымдастырушылар. Сондай-ақ, Бурса қаласында Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымы Мәдениет министрлерінің Тұрақты кеңесінің 39-ші отырысы өтті. Жиында 2023 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып Әзербайжанның Шуша қаласы белгіленді.