Қазақстандық киногерлер Түркияда өткен халықаралық кинофестивалінен олжалы оралды

Қазақстандық киногерлер Түркияда өткен «Қорқыт Ата Түркі дүниесі» халықаралық кинофестивалінен олжалы оралды. Бурса қаласында ұйымдастырылған додада жерлестеріміз үш бірдей жүлдеге қол жеткізді.  Көрермен бес күн бойы жан-жақтан келген жауһар дүниелерді тамашалады. 50-ден аса кино картина арасынан отандық үш туынды жүлдеге ілікті. Қазақстандық продюсер Қанат Төребай Түркі мәдениетіне қосқан үлесі үшін марапатталды.  Бұл тек қана менің жеке жетістігім емес. Бүкіл еліміздің жеңісі деп ойлаймын. Осындай жүлделер еңбегімізді көріп, бағаласа әрине, шабыттандырады. Одан да қатты жұмыс істегің келеді, одан да жақсы фильмдер түсіргің келеді.  Деректі фильм жанрында отандасымыз Айгүл Черендинова “Еуразия билеушілері” туындысымен екінші орын алса, Қайрат Кемалов “Ақ боз үй” фильміндегі "Үздік ер адам бейнесі үшін" жүлдесімен марапатталды.   Бірнеше күн Бурса қаласы Түрік елі бізді сондай жылулықпен қарсы алды. Көп рақмет. Осындайда, соншама түркі тілдес елдер тарихы бір елдер басын қосқанда бірлікті ел бұзылмас деген мақал есіме келеді. Достығымыз нығая берсін! Фестиваль аясында өткен саммитте Түркі әлемінің мәдени құндылықтарын кино арқылы көрсету, насихаттау мәселелері қаралды. Шараның басты мақсаты - түркітілдес мемлекеттер арасындағы тарихи, рухани байланыстарды нығайту дейді ұйымдастырушылар.  Сондай-ақ, Бурса қаласында Халықаралық ТҮРІКСОЙ ұйымы Мәдениет министрлерінің Тұрақты кеңесінің 39-ші отырысы өтті. Жиында 2023 жылғы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып Әзербайжанның Шуша қаласы белгіленді.  

Читать источник turkistan.tv
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапында қатарынан үш гол соқты
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды