Полиция үш күдіктіні Шымкентте ұстады. Олар жалға берілетін тұрғын үйлерді жарнамалайтын қосымша арқылы қылмыстық әрекетін іске асырған. Жоқ пәтерлерді ұсынатын жалған хабарландырулар жариялап отырған. Потенциалды клиенттер бұл ұсыныстарға қызығып, алаяқтармен байланысқа шыққанда, қаскөйлер алдын ала төлем жасауға көндірген. Нәтижесінде азаматтар пәтерлерді брондау мақсатында ақша аударып, алдаудың құрбаны болған. Күдіктілердің әрекетінен өткен жылдың тамыз айынан бастап […]

Қазақстандықтар жоқ пәтерлерді жалға алу үшін 1 миллион теңгеден астам ақша төлеген

