Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың келесі аптадағы жұмыс жоспарын жариялады. Биылғы 1 қарашада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келеді. «Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды», – делінген хабарламада. Ал 2 қарашада Астана […]