«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өткен жылы 10 млн тонна астық тасымалдады. Оның ішінде 8 млн тонна экспортқа жөнелтілді, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18%-ке артық, – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі. Қазақстан астығын өткізетін негізгі нарық Орталық Азия елдері екені белгілі, бұл бағыттағы экспорт 11%-ке өсіп, 5,6 млн тоннаны құрады. «Қытайға жеткізілім көлемі айтарлықтай 134%-ке […]