Қаржылық мониторинг агенттігі биылғы бірінші тоқсанда 552 қылмыстық іс қозғады. Оның жартысынан көбі – ауыр және аса ауыр қылмыстар. Ұйымдасқан қылмыстық топ құру фактілері бойынша 14 іске қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Мемлекетке 62 млрд. теңге көлемінде шығын келтірілген. Кеден саласында 34 қылмыстық іс қозғалды. Декларацияға енгізілмеген тауарлардың жалпы құны 10 млрд. теңгеден асады. […]