Үш жаңа облыстың құрылуына байланысты Қазақстанның жаңа картасы әзірленді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді. Орталық коммуникациялар қызметінде құрамында жаңа құрылған облыстары бар Қазақстанның әкімшілік-саяси картасы таныстырылды. «Былтыр президенттің жарлығымен үш жаңа облыс – Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары құрылды. Осыған сәйкес үкімет іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Ондағы тармақтардың бірі […]