Қазақстан әлемде уран өндіру бойынша алдыңғы қатарда тұрған мемлекет. Жоғары концентрацияланған энергия көзінің қоры еліміздің оңтүстік аймақтарында шоғырланған. Мәселен бір ғана Созақ ауданының өзінде 11 уран өндіретін компания бар. Солардың бірі де бірегей Қазақстан мен Франция елдері бірлесе жұмыс істейтін «КатКо» бірлескен кәсіпорыны. Серіктестік жылына 4000 тоннаға дейін уран өндіруге қауқарлы. АЛТЫНБЕК ӘМИТ – ТІЛШІ - Бұл ғимарат «КатКо» ЖШС-ге тиесілі. Тек Қазақстанда ғана емес әлемде өз орынын қалыптастырып үлгерен компания 25 жылдың ішінде 45 000 тонна уран өндірген. Бұл дегеніміз әлемдегі уранның 7 пайызы. Өнеркәсіп орынының ерекшелігі сол мұндағы мамандардың 70 пайызы жергілікті тұрғындар. Ал, жалпы кәсіпорында қызмет жасайтын кадрлардың 98 пайызы Қазақстан азаматтары. 1200 жанды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын кадр дайындау мәселесіне баса мән береміз дейді. Тіпті мамандарды шет елде тегін оқытып, білімін арттырады. ПАСКАЛЬ БАСТЬЕН – «КАТКО» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ - Біздің компания кадр дайындау мәселесін басты назарға алған. Білікті қызметкерлер дайындау үшін жылына 100 миллионнан аса қаржы бөлеміз. Мүмкіндік болса мамандар көбіне Қазақстанда оқиды. Егер сұраныс болып жатса Ресей, Франция, Европа да және Моңғолия, Өзбекстан секілді елдерде тәжірбие алмасып, білімін арттырады. АЛТЫНБЕК ӘМИТ – ТІЛШІ - Созақ ауданының түкпірінде орналасқан бұл ғимарат 5 жұлдызды қонақ үй немесе қымбат мейрамхана емес. «Катко» ЖШС-нің қызметкерлеріне арналған демалыс орталығы. Мұнда үлкен қалаларда ғана кездесетін заманауи кинотеатр мен жаттығу залдары бар. Иә, расында Мойынқұмның дәл ортасынан мұндай зәулім сарайды кездестіру ешкімнің ойына кіріп шықпасы анық. Бірақ, қызметкерлердің жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды болдырмау компанияның басты назарында. Биыл «Катко» 25 жасқа толды. Мерейтой қарсаңында компания басшылығы мен жергілікті билік өкілдері кездесу өткізді. Жиында өндіріс ошағының өткені мен болашаққа құрған жоспарлары талқыланды. НИКОЛЯ МАС – «ORANO» ФРАНЦУЗ МЕМЛЕКЕТТІК КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ - Біздің алдағы 15 жылға құрған нақты жоспарларымыз бар. Атап айтқанда өндірістік технологияны дамыту және ынтамақтастықты нығайту. Ол үшін біздің компания жергілікті аймаққа әлеуметтік нысандарды көптеп салуды қолға алмақ. Сондай-ақ келесі жылы «Төртқұдық» кен өндіру жобасына да басымдық береміз. Қазақстан 50 жылдан бері уранның маңызды көзі болып табылады. «Катко» еліміздегі уран қорының 15 пайызға жуығын өндіретін компания. Оның артықшылығы өзге мемлекеттердегі шахталық әдістен түбегейлі бас тартып, жерасты ұңғымалық шайбалау тәсілімен жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде концентрацияланған энергияның табиғатқа келтіретін зардабын азайтады.