«Қазмұнайгаз» «Самұрық-Қазынадан» Қашағандағы 16,88% тиесілі үлестің тең жартысын 3 млрд. 800 млн. долларға сатып алды. Бұл «Қазмұнайгаздың» соңғы жылдардағы ең ірі сауда-саттығы. 2015 жылы «Қазмұнайгаз» осы 50 пайыз үлесті мұнайдың күрт арзандауына байланысты қарызын азайту үшін Қорға сатқан. Компания басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Қарабаевтың айтуынша, қазір қаржылық жағдай жақсарған. «Қазмұнайгаздың» жалпы қарызы 19 млрд. доллардан […]