«ҚазМұнайГаз» ІРО-сы халық үшін қолжетімді болмақ. Осыны түсіндіру мақсатында еліміздің барлық аймақтарында бөлшек инвесторларымен кездесулер өткізіліп жатыр. Оның барысында инвестициялық тартымдылық факторлары, ІРО шеңберінде акцияларды жариялау шарттары жайлы сөз болды. Сондай ақ, оларды сатып алуға өтінім беру рәсімі туралы мәлімет ұсынылды. Бүгінде компанияның ІРО-ға шығарған бір акциясының құны 8406 теңгені құрайды. Инвесторлардың өтінімін қабылдау 9 қарашада басталған. Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы қарапайым қазақстандықтардың ұлттық компания акцияларын иелену мүмкіндігі болу керектігіні баса айтқан еді.