Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. «Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу» ұлттық жобасының арқасында бүгінде мемлекеттің қолдауының көмегімен жеке кәсібін ашып, ісін ілгерілетіп отырғандардың қарасы қалың. Қазығұрт ауданындағы кәсіпкерлік саласы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы жоғары. Мәселен, кәсіпорындардың өнеркәсіп өнімінің көлемі жылдың қорытындысымен – 13,5 млрд. теңгені құрады, […]