Қазығұрт ауданында шұжық шығаратын өндіріс орны бар

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында шұжық өнімдерін өндіретін зауыт бар. 13 жыл бұрын негізі қаланған өндіріс орнының тауарлары нарықта сұранысқа ие. Себебі халал сертификаты барынан бөлек, дәмділігі жағынан да дараланады. Бүгінде отандық тауарлар ішкі нарықтан өзге, Ресей мемлекетіне де экспортталуда. Аталған компанияның тыныс тіршілігі туралы тілші тарқатсын.  Мұндағы шұжықтар сиыр, жылқы, тауық етінен әзірленеді. Жұмысы қайнаған кәсіпорында 62 түрлі шұжық өндіріледі. Жалпы компания қызметі 2009 жылы басталған. Осы уақыт ішінде өндіріс орны өзін жоғары сапалы, дәмді тауар өндіруші ретінде көрсете білген. Себебі өнімдері сұранысқа ие. Мұндағы өндірістің барлық циклі халал өнімге сай.  Бұл компанияда Сапа менеджмент жүйесінің 2 стандарты ендірілген, бірі ЭСО-9 бір стандарты сапа менеджмент жүйесіне соңғы талаптар. Келесісі исо 22 стандарты тағам өнімдеріне қойылатын жалпы талаптар. Демек бұл стандартты өндірген кәсіпорын бәсекеге қабілетті болып саналады. Осы стандарттың принциптері қатаң сақталып отырса, өнімдер таза тұтынушыға жеткізіліп отырады.  Компанияның өзінде ірі қара мал асырайтын жеке жайылымы бар. Бұл өз кезегінде өндірісті балғын етпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын тауарлары әлемге танымал заманауи неміс және австриялық жабдықтарда дайындалады. Жалпы Қазығұрт ауданында инвестиция көрсеткіші артқан. Себебі биыл оның көлемі 18,9 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3528 млн теңгеге артық.  АРМАН АБДУЛЛАЕВ – ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ - Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның көлемі 9 айда 18,9 млрд теңгені құрады. Нақты көлем индексі 119,7 пайызды құрап отыр. Жылдың қорытындысымен инвестицияның көлемін 28,2 млрд теңгеге жеткіземіз деп ойлап отырмыз. Осы 18,9  млрд теңгенің 2,8 млрд теңгесі бюджет қаржысы болатын болса, 16,1 млрд теңгесі жеке инвестиция болып табылады.  Бүгінде зауытта 300 ден аса адам екі ауысымда жұмыс істейді. Өнімдер Түркістан облысындағы барлық аудан қалаларды толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Одан өзге, Астана, Алматы мен Атырау өңіріне жөнелтіледі. Тіпті Ресейге де экспортталады екен. Жалпы мұнда күнінен 4-6 тоннаға жуық шұжық өнімдері шығарылады. Алдағы уақытта өнім көлемін 10 тоннаға жеткізу жоспарда бар.   

Читать источник turkistan.tv
Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапында қатарынан үш гол соқты
Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатында бір күнде үш алтын медаль жеңіп алды
Абат Айымбетов Түркияда қатарынан үшінші матчта гол соқты
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды