Қазығұрт ауданында 7 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Қазығұрт ауданының әкімі Арман Абдуллаев Түркістанда өткен брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ 2022 жылы балалар жылына орай аудан орталығында 3 балалар алаңшасы салынуда. Сонымен қатар аудандық кәсіпкерлер тарапынан оңалту орталығы ашылған. Шарада аудан әкімі 9 айда атқарылған жұмыстарының есебі бойынша әр салаға толығырақ тоқталды. Алдымен өнеркәсіп саласы бойынша биылғы 9 айда 9 млрд 964/9 млн теңгенің өнімі өндірілсе, нақты көлем индексі 105 пайызды құрауда. Жылдың қорытындысымен өнеркәсіптегі өнім көлемін 13/2 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазығұрт ауданында 7 бас ірі қара, 31 ұсақ малдан бруцеллез ауруы анықталған болатын. Қазір онда бірнеше мал уақытша оқшауланып, бұл індет ошағынан малды және ет-сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынған. Жиында бүгінде аудан әкімі бруцеллез ауруы бойынша жағдай тұрақталғанын айтты. Сондай-ақ аудан әкімі ауыл шаруашылығы, құрылыс, табиғи газ бен денсаулық сақтау саласы бойынша да есеп берді. Сонымен қатар әлеуметтік сала бойынша бүгінде 2484 жаңа жұмыстары ашылып, мүмкіндігі шектеулі 232 азамат жұмысқа орналастырылыпты.