Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 40 жылдан бері сауыншылықпен айналысатын тұрғын тұрады. 58 жастағы Бағлан Қасымбекова бір өзі 20-ға жуық сиырды күніне екі мезгіл сауады екен. Бұзауын балаша еркелетіп, сиырын бауырынан сипап жүрген Бағлан Қасымбекова Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауылының тұрғыны. Сиыр, бие саууды келін боп түскен соң үйренген ол 40 жылға жуық уақыттан бері сауыншылықты кәсіп […]