Қазығұрт ауданында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» бойынша ресурстық орталық ашылды. Мақсат «Жас маман» жобасы бойынша колледжде кадрларды даярлау. Сондай-ақ, жұмыс берушілермен өзара тиімді іс-қимыл жасау. Шара барысында оқытушылар мен студенттер жұмыс берушілермен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Колледж «Жас маман» жобасына қатысып, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы» бойынша ауыл шаруашылық техникалары мен оқыту құрал-жабдықтарын алған. Қазіргі уақытта осы техникаларды пайдаланып, мамандар дайындап жатыр. Колледж оқытушылары білімдерін жетілдіру курстарынан өткен білімді мамандар. Шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, ауылшаруашылығы бағытында еңбек етіп жүрген кәсіпкер азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.