Кеден бекеттеріне жүргізілген тексерулерден кейін көлеңкелі бизнес саны азайып, салық көлемі едәуір артып келеді. Бұған дейін Бас прокуратура бір ғана «Нұр жолы» бекетіндегі былықтан мемлекетке 165 миллиард теңгеге залал келгенін хабарлаған еді. Онда тауарларды жалған декларациялаудың 400-ге жуық фактісі анықталған болатын. Қаржы министрі шекарадағы заңсыздықтан болған залал биыл толығымен бюджетке қайтарылатынын жеткізді. Ерұлан Жамаубаев, ҚР […]