Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қабылданған шаралардың нәтижесiнде жыл соңына дейін табысы кедейлiк шегiнен төмен тұратын азаматтардың санын 2023 жылмен салыстырғанда 25%-ға азайту жоспарланып отыр. Жалпы облыс көлемінде аз қамтылған отбасылардың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту жолында жұмыстар атқарылып, әлеуметтік […]