Еңбекші ауданына қарасты 6 тұрғын алапты ауыз сумен қамту жұмысы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда “Қарабастау”, “Қаратөбе”, “Жұлдыз”, “Тоғыс”, “Жыланбұзған”, “Айнатас” елдімекеніндегі жаңа жер учаскелеріне су тарту жоспарланған. Биыл “Қарабастау” тұрғын алабындағы 1590 абонетті қамтитын ауыз су құрылыс жұмыстары жүргізілді. Онда жаңадан құбырлар тартылып, құдықшалар орнатып жатыр. Ал қалған елдімекендердегі жөндеу жұмысын келер жылы аяқтау көзделген. […]