Түркістан облысына қарасты елді мекендердің инфрақұрылым сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасып жатыр. Бүгін тағы бір әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға тапсырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданы, Біртілек ауылдық округіне қарасты Біртілек елді мекенінде «Абай» газ тарту станциясын іске қосу рәсіміне қатысып, тұрғындардың қуанышын бөлісті. «Ауыл халқын қажетті инфрақұрылыммен қамту […]