Премьер-министр Әлихан Смайылов балаға жоғары оқу орнында білім алуға қажетті ақшаны жинауға мүмкіндік беретін «Келешек» жүйесін келесі жылы енгізуді тапсырды. Президенттің сайлауалды бағдарламасы мен жолдауын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі шаралар қаралды. Премьер-министр Әлихан Смайылов «Келешек» жүйесін келесі жылы енгізу қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты ұсынылып отырған шараларды […]