Түркістан облысы Келес ауданында 9-сынып оқушысының тест тапсырмаларын мұғалімдер орындап берген. Мұндай фактіні облыстық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері анықтады. Департамент басшысы Ғалымжан Алматовтың мәліметінше, «Болашақ» атындағы №43 жалпы орта мектепте болған. Сала жауаптылары мемлекеттік аттестаттауға бақылаушы ретінде қатысу барысында әжетханаға сұранып шыққан оқушының тапсырмаларын компьютеріндегі паролі арқылы қашықтан басқарылғанын анықтаған. Оның видеосы […]