Келес аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Күлкі терапиясы» әзіл-сықақ театрына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің Бұйрығымен «Халықтық» атағы берілді. 2018 жылы құрылған театр ұжымында мәдениет үйінде қызмет атқаратын экономист, аккомпаниатор сынды мамандар өнер көрсетеді. – Әшірәлі Кенжиев атындағы мәдениет үйінің директоры Бақыт Тұрсыновтың театр құру жайлы идеясын ұжым болып қолдадық. Сахнаның үлкен-кішісі жоқ, аудандық […]