Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан Әшірәлі Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде Байғали Есенәлиевтің «Тірі өлік» атты психологиялық драмасы сахналанды. Мәдени шараға Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев, қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысып, «Келес халық театрының» маусымашар туындысын тамашалады. Көркем туындыда бас қаһарманның сезімге толы шабытты шақтары, өмірдегі жан күйзелісі мен […]