Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округіндегі ішкі көшелердің бойындағы ретсіз шағал тас, топырақ үйінділерін жою, үй құрылысынан шыққан қалдықтарды белгіленген орынға жеткізу бойынша тұрғындарға ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлері мен полиция өкілдері тарапынан ескерту берілді. Ескертуге құлақ аспаған азаматтарға айыппұл салынатын болады. Бүгінде Ақтөбе ауылдық округі аумағында қоршаған ортаны көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі іс-шараларды жандандыруға, сондай-ақ құқық […]