Келес ауданының Біртілек ауылдық округі «Ауыл аманаты» пилоттық жобасына қатысуы көзделген. Қазіргі таңда аталған жоба аясында 5 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, 401 адам қызығушылық танытып отыр. Оның ішінде 78 азаматтың құжаттары аудандық «Ырыс» микрокредиттік ұйымының өкіліне тапсырылса, 38 азаматқа облыстық микрокредиттік ұйымы тарапынан несиелері мақұлданды. Солардың қатарында тұт ағашын егіп, жібек құртын өндіруге бет бұрмақ […]