Келесте ерекше күтімді қажет ететін кәсіпкер тігін тігумен айналысады. Ол қайтарымсыз грант алып, кәсібін бастаған. Енді «Ауыл аманаты» негізінде жеңілдетілген несие алып, бизнесін кеңейтпек. Мүмкіндігі шексіз жан. Келестік азамат нәресте кезінде қатты сырқаттанып, сөйлеу қабілетінен айырылған. Қазір 3 топ мүгедектігі бар Әбдіжаппар Махмұтбеков қарап жатпай өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Жас кәсіпкер қолөнерді жанына серік еткен. […]